Соединение установлено успешно
   +7 (708) 266-23-43
   akest_184@mail.ru
   050000, город Алматы, ул. Жибек Жолы 184
  • 06.11.2021
  • 269

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында "30 жыл - 30 кітап" тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Елбасының "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласы жарыққа шыққан соң қолға алынған нәтижелі  "Гуманитарлық білім: 100 жаңа кітап" атты бастама аясында әлемнің ең үздік гуманитарлық бағыттағы  аударылған ғылыми  кітаптар таныстырылды. Біздің кітапсүйер жас оқырмандарымыз үшін бұл кітаптар - айрықша қызығушылықпен оқылатын кітаптар деп айтуға болады.

Екінші бөлімде қазақ әдебиетінің классиктерінің жауһарлары еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында шет тілдерге: ағылшын, неміс, француз, испан, қытай, араб тілдеріне шығармалары аударылып жатқан қазақтың 30 ақын-жазушыларының туған тілдегі кітаптары таныстырылды. Көрменің үшінші бөлімінде 'Қазақстан - 2050" стратегиясы аясында жасалған үлкен еңбек - "Қазақша-орысша, орысша -қазақша 30 томдық терминологиялық сөздік"-тер таныстырылды. Бұл - ғылым-білімнің дамуын қолдауда жасалған үлкен еңбек екені белгілі.



Болашақ техник-механик мамандарға 8 - том айрықша таныстырылды. Себебі бұл сөздіктің "Көлік және байланыс жолдары - Транспорт и пути сообщения" деп аталатын томын колледжімізді құрған атақты техникалық ғылымдар докторы, профессор, академик, машина жасау ісіндегі Қазақстанның әйгілі ғалымы Серғазы Ахметұлы Жиенқұлов басқарған болатын.

Ең үздік кітаптар топтамасымен таныс болған жас мамандар алдағы уақытта бұл кітаптарды өз керегіне қолданады деген үміттеміз.